Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Даулет Бекмановты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Президент Жолдауында цифрландыруға қатысты айтылған тапсырмаларды кеңінен талқылады.
Қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, жасанды интеллект негізіндегі сервистерді енгізу, аналитикалық және бұлттық платформаларды дамыту мәселелері, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, басқару процестерінің тиімділігін жетілдіру және «ақылды қала» бастамаларын жүзеге асыру жолдары қарастырылды.
Кездесу нәтижесінде Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат заманауи цифрлық шешімдерді әзірлеу арқылы тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.