Ақтөбеде «Қазақстандағы ІТ нарығы» тақырыбында кездесу өтті

Ақтөбеде «Қазақстандағы ІТ нарығы» тақырыбында кездесу өтті

2025 жылғы 18 маусымда Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының бастамасымен «Қазақстандағы ІТ нарығы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» және «Еңбек адамы» қағидаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласының мамандары қатысты. Ашық форматта өткен басқосуда Қазақстандағы ІТ нарығының қарқынды дамуы, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жолдары мен осы саладағы жаңа трендтер жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, қатысушылар цифрлық кәсіпкерлік бағыттары, инвестициялық мүмкіндіктер және өңірлік стартаптарды қолдауға бағытталған бағдарламалар туралы құнды ақпарат алды.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың ІТ саласына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және цифрлық экономикадағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктермен таныстыру болып табылады.