WorldSkills Aktobe – 2025 өңірлік чемпионаты сәтті аяқталды

WorldSkills Aktobe – 2025 өңірлік чемпионаты сәтті аяқталды
19 мамырдан бастап Ақтөбе облысында кәсіби шеберлік бойынша ең ауқымды әрі шабыттандыратын байқаулардың бірі – WorldSkills Aktobe – 2025 өңірлік чемпионаты өтті. 
Чемпионатқа 21 жасқа дейінгі 30-дан астам жас маман мен облыс колледждерінің 300 студенті қатысты.
 
Қатысушылар 46 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін көрсетті – веб-дизайн, дәнекерлеу, мехатроникадан бастап, аспаздық және шаштараз өнеріне дейін.
 
Байқау тапсырмаларын бағалауды өңірдегі жетекші кәсіпорындардың үздік мамандары мен көршілес облыстардан шақырылған тәуелсіз сарапшылар жүргізді.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысып, байқауға қатысқан барлық студенттерге, сарапшылар мен тәлімгерлерге алғысын білдіріп, кәсіби жолда табыс пен биік жетістіктер тіледі!
 
 Чемпионат қорытындысы бойынша үздік үш колледж анықталды:
1.Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі 
2.Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі 
3.Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі 
 
#WorldSkillsAktobe2025