Денсаулық саябағында бұқаралық «Таңғы жаттығу» шарасы өтті. Оған 200-ден астам мектеп оқушылары мен спортшы балалар қатысты.
Балаларды қорғау күніне арналған шараға Ақтөбе спортының жұлдыздары — каратэші Андрей Ақтауов пен жүзуші Айбек Камзенов, сондай-ақ спорт ардагерлері Дүсенбі Жұмақұл мен Әшім Қали шақырылды.
Таңғы жаттығуды музыка сүйемелдеуімен фитнес-жаттықтырушылар жүргізді.
Шараны ұйымдастырған — Облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлер демалыстың алғашқы аптасын осындай белсенді түрде бастау балаларға жаз бойы физикалық белсенді болу септігін тигізгеніне сенімді.