Жаңа туған нәрестелерді құттықтау

Жаңа туған нәрестелерді құттықтау

Наурыз мерекесін тойлау аясында Наурыз мейрамдарын тойлауға бағытталған «НАУРЫЗНАМА» тұжырымдамасына сәйкес, облыстағы босану медициналық ұйымдарында 17- наурыз күні сағат 00:00-ден 09:00-ге дейін жаңа туған нәрестелердің ата- аналарын құттықтау жоспарланған болатын. Облыс та, 16 перзентхана бар. Ақтөбе қаласында 3 перзентхана,
олар, Облыстық перинаталдық орталығы, Ақтөбе медициналық орталығының перзентхана бөлімі, Қарғалы қалалық ауруханасының перзентхана бөлімі, сонымен қатар, 13 аудандық ауруханаларда перзентхана бөлімдері бар, Осы белгіленген уақыт аралығында дүниеге келген нәрестелер барлығы-14 . соның ішінде 10- ұл бала, 4 – қыз бала. Нәрестелер медициналық қызметкерлердің бақылауында . Сағат 11 .00 де облыстағы дүниеге келген нәрестелердің аналарына «Наурыз- базарлық» естелік сыйлықтары табысталды. облыстық ,қалалық, аудандық әкімшілік пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерімен құттықталды.Бала біздің болашағымыз.Бөбектердің дені сау,болашықтары жарқын болсын.