Дүниеде мейірімді болған жақсы, зұлымдар онсызда жеткілікті. Мұндай өмірлік ұстанымды кәсіби суретші Ақеркем ұстанады. Жақында ол көпсалалы облыстық балалар ауруханасы қабырғасына сиқырлы ертегілер әлемін бейнелеп берді.
Суретші кішкентай емделушілерді өзінің талантымен болашаққа деген сенімін ұялатып, таң қалдыруға тырысты. Ақеркем өз жұмысын тегін орындады. Қолөнерші қарапайым болып көрінетін аурухана дәліздерін нағыз өнер нысанына айналдырды. Мұндай қайырымдылық акциясының ең басты мақсаты – балалардың дәрігерлер мен ауруханалардан қорықпай, қажетті процедураларды қорықпай қабылдауға күш табуы. Балалар үшін қабырғалардың көңілді және қызықты болуы өте маңызды. Балалар бұл қабырғадағы суреттерге қарап, ауырғанын ұмытып, күн сайын қуанышқа бөленеді.
Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі Ақеркемге алғысын білдіріп, еңбек жолында сәттіліктер, шалқар шабыт және сәттілік тілейді!
#врачиактобе
@modkb_aktobe
@art.erkema