Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде жаңа директор

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде жаңа директор

8 қыркүйек күні Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры Қозбақов Мәжит Хамитұлын еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев Мәжит Хамитұлының көп жылғы еңбегі үшін алғысын білдірді. Оған алғыс пен бағалы сыйлық табыс етті.

Қозбақов Мәжит Хамитұлы денсаулық сақтауды ұйымдастырушы дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент. "Ы.Алтынсарин",
"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін";"Ұлы Жеңістің 70 жылдығы 1945-2015" медалдарымен марапатталған.
Еңбек жолын 1988 жылы медициналық-санитарлық бөлімнің хирург дәрігері болып бастаған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының кафедрасында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысты, ФУВ кафедрасының доценті болды. 2001-2008 жылдары жалпы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, директордың емдеу работе жөніндегі орынбасары, клиникалық медицина орталығы басшысының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2011 жылға дейін Мәртөк аудандық ауруханасының бас дәрігері. 2011-2012жж.
қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері.
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры болып жұмыс істеді.

Мәжит Хамитұлының атына ұжымнан көптеген шын жүректен және жылы лебіздер айтылды.

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің директоры болып Сәкен Тәжігереұлы Қапанов тағайындалды.

Сәкен Тәжігереұлы 1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1991-2001 жылдары әр уақытта хирург дәрігер, БҚММУ кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2016 жылға дейін Қарғалы қалалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансерінің бас дәрігері. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін көпсалалы облыстық аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Сәкен Тәжігереұлы Қапанов-денсаулық сақтаудың тәжірибелі ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының кандидаты.