«Ақтөбе облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту мәселесі бойынша»

«Ақтөбе облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту мәселесі бойынша»

2023 жылдың 26 мамыр күні Ақтөбе медициналық орталығы базасында облыс бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Ақтөбе облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағзалық донорлықты дамыту мәселесі бойынша» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының директоры Сәуле Талғатқызы Шайсұлтанованың қатысуымен жиылыс өткізілген. Аталған шараға Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Р., медициналық ұйымдардың жекетшілері, басқарманың бейінді бас мамандары және трансплантология мәселесіне жауапты мамандар қатысқан. Талқылау барысында донорлық пен ағзаларды трансплантациялаудың нормативтік-құқықтық аспектілері, бас миының біржола семуін растау белгілері, Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты насихаттау және Ақтөбе облысында ағзалық донорлықтың даму жағдайы сұрақтары қарастырылған.
Жиылыс қорытындысымен өңір бойынша ағзалық донорлық қызметінің жағдайын жақсарту масқатында шаралар жоспары қабылданған.