Бүгін «Қамқорлық» амбулаторлық орталығының 1 жылдық мерейлі күніне арналған салтанатты іс-шара

Бүгін «Қамқорлық» амбулаторлық  орталығының 1 жылдық мерейлі күніне арналған салтанатты іс-шара

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, Үкімет қаулысымен «Балалар жылы» болып бекітілген 2022-ші жылы ашылған Қазақстан Республикасының  Бірінші Президенті қорының «Қамқорлық»  оңалту орталығы  мамыр айының 29-да өзінің 1 жылдық мерейлі күнін атап өтіп, ем алушы  бүлдіршіндерге, ата – аналарға мерекелік іс – шара ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.
Жалпы көлемі 2 мың шаршы метрді   құрайтын  орталықта,   облыстық бюджет қаражатынан   реконструкциялық жөндеу  жұмыстары  жүргізіліп,   Бірінші Президент қорынан 100-ден  астам Еуропа өндірушілерінің заманауи оңалту құрылғыларымен жабдықталды. Бүгінгі таңда орталық инновациялық «4Д» форматындағы, кері биологиялық байланыс құрылғыларымен, гелио және шунгит, иппотерапия, механотерапия, эрготерапия, бальнеотерапия т.б. кабинеттерімен қамтылған.
  Кішкентай бүлдіршіндеріміз оңалту  емінің барлық түрімен қамтылуда:
Реабилитолог, невролог, физиотерапевт, травматолог-ортопед, ЕДШ дәрігері, кардиолог , психиатр, психолог, логопед мамандарының консультативтік кеңес беруі.
Психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары: логопед, психолог, дефектолог, эрготерапевт, агротерапия, музыкотерапия, әлеуметтік педагог мамандарымен жеке және топтық сабақтары, Монтессори жүйесі бойынша психокоррекциялық сабақтар,әлеуметтік бейімдеу кабинетінің жұмысы.
Физиотерапиялық ем: электрофорез, гальванизация,магнитотерапия, амплипульстерапия, парафинотерапия, электроұйқы, тұзды камера, бассейн, массаж.
Емдік дене-шынықтыру кабинетінде: кинезиотерапия, механотерапия, ауа қысымымен баланың жұру қабілетін қалыптастыратын «Атлант», «Адели» костюмдерімен проприоцептивтік коррекция.
Гидрокинезиотерапия – бассейндегі жаттығулар
Кадр мәселесінің нығайту мақсатында Астана қаласында  18 логопед,  эрготерапевт,  психолог,  дефектолог, емдік денешынықтыру нұсқаушылары   дайындалды.
Жалпы, «Ана мен бала денсаулығын қорғау»  орталығының «Қамқорлық» амбулаторлық бөлімшесінде осы уақыт аралығында  607   мүмкіндіктері шектеулі бүлдіршіндерге неврология, нейрохирургия, кардиохирургия, ортопедия – травматология  бағыттары бойынша, оның ішінде  ауыр неврологиялық аурулармен, сал ауруы (ДЦП), Даун синдромы, гидроцефалия, туа біткен  жүйке жүйесінің ақаулары және  нейрохирургиялық, травматологиялық, кардиохирургиялық күрделі оталардан кейінгі кезеңдегі кішкентай пациенттерге    кешенді  медициналық, педагогикалық, әлеуметтік  оңалту  көмегі көрсетілуде. «Қамқорлық» оңалту орталығының қызметі Ақтөбе облысының балаларының денсаулығын нығайтуға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.   Жұмыс барысында ерекше еңбек еткен медициналық қызметкерлері  медальмен және де Алғыс хатпен марапатталды.