Денсаулық күнінің бүгінгі басты міндеті - Салауатты өмір салтына назар аудару. Жыл сайын 1947 жылдан бері 7 сәуірде аталып өтіледі, ал 2023 жылы «Денсаулық баршаға!» ұранымен өтіп жатыр.
Бұл күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы, әкімдіктің қолдауымен, УВП, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы" РҚБ Ақтөбе облыстық филиалымен, дене шынықтыру және спорт, білім және мәдениет басқармасының қолдауымен Қобыланды батыр атындағы орталық стадиондын Арбат алаңында қала және облыс тұрғындары, студенттер, балалар, спортшылар, еріктілер, «Денсаулық», «Ұзақ өмір» топтары, медицина қызметкерлері және барлық тілек білдірушілер арасында Дүниежүзілік денсаулық күніне (7 сәуір) орайластырылған «Баршаға денсаулық!»ұранымен ауқымды акция өтті. Бұл акцияға 1200-ге жуық адам қатысты.
Акция дене шынықтыру нұсқаушысы, самбо күресінен спорт шебері, дене шынықтыру шебері жүргізген дене шынықтыру сабағынан басталды және Жастар ресурстық орталығының волонтерлерімен Чирлидинг өткізілді. «Дене шынықтырумен доспыз – аурудан қорықпаймыз!» ұранымен балалар арасында асфальтқа бормен сурет салу байқауы; спорт түрлерімен (БЖСМ) айналысатын балалар арасындағы жарыстар: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, гір көтеру, қол күресі өтті. Денсаулық мерекесі қарт адамдар – салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысқан «Дені саудың - жаны сау!» ұранымен скандинавиялық марафонымен және «Ақтөбе облысының орта медицина қызметкерлерінің қауымдастығы және бас медбикелердің Үйлестіру кеңесі» ҚБ медбикелері арасында спорттық эстафетамен және жергілікті эстрада жұлдыздарының концерттік бағдарламасы аяқталды.
Бір мезгілде ұйымдастырылды:
- «Денсаулық» десантшылары (жылжымалы медициналық пункттің 2 техникасы), мұнда қала тұрғындары мен қонақтары ультрадыбыстық дәрігерлерден, невропатологтардан, урологтардан, ЖПД-дан жоғары білікті кеңестер алды (артериялық қысымды, қандағы глюкоза деңгейін өлшеу және т.б), ақпараттық және оқу материалдары тарату;
- «Жан саулығы - тән саулығы!» ұранымен «Психологпен серуендеу»;
- «Темекі шегуді тастау үшін тамаша күн!» ұранымен наркологтың кеңесімен;
- «Сау жүректің 5 ережесі», «Қан қысымын бақыла», «Инсультты тоқтат!» ұранымен кардиологының кеңесімен;
- «Әйелдер денсаулығы күні» ұранымен гинеколог кеңесі;
- «Салауатты өмір салты аумағы» ұранымен дұрыс тамақтану, мінез-құлық қауіп факторларынан бас тарту мәселелері бойынша көрме;
- «Педиатрдың кеңестері» педиатрдың кеңесі;
-«Донор бол және өмірді сақта!» бұрышы;
- «Диабетті жеңеміз», «Дұрыс тамақтану. Семіздіктің алдын алу» эндокринологтардың, диетологтардың кеңесі;
- «Қатерлі ісіксіз өмір!» М.Оспанов атындағы медициналық орталығының онколог дәрігерлерінің кеңесі,
- «Тіс – ас қорытудың негізі»!» тіс дәрігерлерімен кеңесу арқылы
- Көрнекі құралдарды пайдалана отырып, әртүрлі жағдайларда алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсету бұрышы;
-«Екпе – жұқпаның алдын алудың негізгі жолы», «Қызылшадан сақтанудың жолы-екпе!» иммунопрофилактика бұрышы" ;
- «СПИД! ЖИТС-тен сақтан» ұранымен қалашық құрылды.
Акцияның барлық қатысушылары сергектік пен жақсы көңіл-күйдің үлкен зарядын алды! Акция бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.