ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ЖҰМЫСЫНДА ҚАНДАЙ ЖАҚСАРТУЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ЖҰМЫСЫНДА ҚАНДАЙ ЖАҚСАРТУЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізді.

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.
Халықтың саны 100 000 адамнан тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дербес жедел медициналық жәрдем станциялары ұйымдастырылады.

Бұл ретте дәрігерлік бригадалардың кемінде 25%-ы қарқынды терапия, кардиологиялық және педиатриялық бейіндегі бригадалар сияқты мамандандырылған медициналық көмек көрсете алады.

Талдау 103-ке ең жиі шақыртулар қанайналым жүйесінің ауруларымен және балалар ауруларымен байланысты екенін көрсетті.

Жедел жәрдем станциялары 10 мың және одан аз халыққа шаққанда 1 бригада есебінен бригадалармен жарақтандырылатынын, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы ЖМК бөлімшелері халықтың өтінішін ескере отырып, 35 мың және одан аз адамға шаққанда 1 бригада есебінен жарақтандырылатынын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар медициналық көмекке қол жеткізуден алыс жол жабындысы жоқ, таулы жердегі, жолдары тік, маусымдық табиғи-климаттық жағдайлары бар, жету қиын елді мекендерде қосымша кіші станциялар немесе облыстық және қалалық ЖМЖС бөлімшелерін құру туралы шешім қабылдайды.

Жедел медициналық жәрдемнің функцияларын бірлесіп орындау шарты арқылы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес жедел медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар аудандық ауруханалар көрсете алады.

Бұдан басқа, ауылдық елді мекендерде ЖМЖ шақыруларына қызмет көрсету үшін ЖМЖС аудандық кіші станциясының диспетчері жақын маңдағы медициналық ұйымдардың мамандары мен санитариялық автокөліктерін тартады.

Бұл инновациялар ЖМК қызметінің ел халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.