Онкологиялық аурулар

Онкологиялық аурулар

Медицина  тілінде онкология -гректің “Қатерлі ісік және ілім” деген сөзін білдіреді. Обыр жасушасы тез өсіп, белгілі бір уақытта қан және лимфа тамырлары арқылы дененің басқа мүшелеріне тарайды немесе балалайды. Бұл көрсеткішті азайту жолында дәрігерлер қолдан келген мүмкіндікті істеп жатыр.
Дәрігерге дер кезінде қаралу арқылы аурудың қаупін азайтуға болады. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулевр жүргізілсе  онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте аныктауға болады. Обырды дер кезінде анықтау ем-домның нәтижесін арттырып, пациенттердің өмірін ұзартуға, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мысалы сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94%-ын  толық емдеп жазуға болады.
Кейбір азаматтарды онкология диспансеріне жіберген кезде қорқып, 3-4ай немесе 1-2 жылға дейін бармай жүреді, аты жаман ауруды өздері өршітіп алады. Асқынып кеткен қатерлі ісікті тоқтату өте қиын болады.
Алдын-алуға болама деген сұрақтар көп келеді.
-Әрине болады. Профилактикалық тексерулер мен скринингтен өз уақытылы өту қажет.Тегін скринингтік түрлері 40-70 жас аралығындағы  әйелдер сүт безі обыры қауіпі жоғары топқа жатады сондықтан олар мамографиялық тексерістен тегін өтеді .
30-70жас аралығындағы әйелдер жатыр мойын қатерлі ісігіне тегін тексеріледі.
50-70 жас аралығындағы ерлерде,әйелдерде тоқ ішек,тік ішек обырына тегін тексеріле алады .
Өз денсаулығынызға жауапкершілікпен қарап уақытылы скринигтік тексеруден өтуге шақырамын.