Алексей Цой Ақтөбе облыстық перинаталдық орталыққа барды

Алексей Цой Ақтөбе облыстық перинаталдық орталыққа барды

Ақтөбеге Президент Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой келді.

17 қаңтардан бастап өңірде ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы күндері аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының қызметкерлерінен жасақталған делегация жұмыс істеуде. Еліміздің үздік дәрігерлері халыққа практикалық және консультативтік-әдістемелік көмек көрсету, шеберлік кластары және күрделі жоғары технологиялық операциялар жүргізу мақсатында облысқа алғаш рет келді.

Бұл жұмыстар ішкі және халықаралық медициналық туризмді дамыту, ҚР Денсаулық сақтау саласына жаңа медициналық технологияларды енгізу, халыққа көмек көрсету үшін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына қарасты ауруханалардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін кеңейтуге септігін тигізеді.

Алексей Цой репродуктивті денсаулық проблемалары, жүктілік пен босанудың асқынулары кезінде қызмет көрсететін бірегей медициналық кешен –  облыстық перинаталдық орталықтың мүмкіндіктерімен танысты.

Орталық еуропалық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтармен, соның ішінде шала туылған нәрестелерге күтім жасауға және күрделілігі жоғары хирургиялық операцияларға арналған арнайы реанимациялық жүйелермен жабдықталған.

Ай сайын орталық дәрігерлері 650-700 әйелді босандырады, әртүрлі асқынған ауруға шалдыққан әйелдердің салмағы 500 грамнан басталатын шала туылған нәрестелеріне күтім жасауға көмектеседі.

Алексей Цой ОПО, оның ішінде перзентхана мен операциялық блоктың, сәулелік диагностика, балалар жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінің жабдықталуын жоғары бағалады.

Облыстық перинаталдық орталықта 0-ден 3 жасқа дейінгі балалар оңалту көмегін ала алатын ерте араласу орталығы да тиімді жұмыс істейді.