ЦОМИД МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЦОМИД МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ЦОМИД МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ


Ақтөбе облысының ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері Жапахов Ербол Серікұлы және Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибизада Әшімқызы Дүйсенбаева Маңғыстау облысының балаларын бірлесіп диагностикалау және емдеу мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады, оның ішінде пациенттерге қашықтықтан кеңес беру, жоғары технологиялық операциялар жүргізу, дәрігерлерді оқыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Ербол Жапахов: "біздің орталық батыс өңірінің балаларына медициналық қызмет көрсетудің флагманы болып табылады, біз балаларға стационарлық көмектің басым бағыттары шеңберінде Маңғыстау облысымен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдіреміз. Бұл басымдықтар Президент жариялаған 2022-бала жылының стратегиялық басымдықтарына көп жағынан сәйкес келеді. Меморандумға қол қою бәріміз үшін бірлесіп жұмыс істеудің үлкен мүмкіндіктерін ашады деп үміттенеміз".
"Бұл бірлескен қадам балаларға медициналық көмектің жұмысын жақсартуға ықпал ететініне, Маңғыстау пациенттері үшін үздік медициналық технологияларды жақындататынына, толыққанды диагностика мен тиімді емдеуді қамтамасыз ететініне сенімдіміз", - деді Бибизада Дүйсенбаева.
Бүгінгі таңда Атырау облысының пациенттерін диагностикалау мен емдеуде ынтымақтастық және қолдау көрсету туралы Меморандумға қол қою туралы тағы бір уағдаластық бар.