Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

Қонақтарға денсаулық сақтау саласының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласында томотерапия және ядролық медицина орталығы бар OrhunMedical көпсалалы клиникасын салу, сонымен қатар, екі позитронды-эмиссиялық томография орталығын, Батыс Қазақстан қалаларында бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография ашу бойынша инвестициялық жобаның жүзеге асырылуына қатысты сұрақтар талқыланды.

Жобаны «OrhunMedical» басқармасының төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды.

Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаттылығы айына 12 мың БФЭКТ/КТ зерттеуін құрайды, Ақтау мен Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеуден жүргізілетін болады.

«Маңызды жоба, соның арқасында Батыс өңірінің тұрғындары жоғары санатты мамандандырылған медициналық көмекпен қамтылатын болады. Біз оны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз. Кадр мәселесін медициналық университет шешеді. Соның жанынан мамандар даярлайтын база ашуға болады»,- деп атап өткен облыс әкімі басшыларға инвесторларға қажет қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.