ТҰРҒЫНДАРДЫ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

ТҰРҒЫНДАРДЫ  ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

2022 жылғы 19 шілде күні облыстық денсаулық сақтау басқармасында медициналық ұйымдар, оның ішінде алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсететін ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңес өтті. Сондай-ақ, кеңеске медициналық сақтандыру қорының және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңесте тұрғындарды медициналық ұйымдарға бекіту ережелері туралы мәселелер қаралды. Жеке тұлғаларды ТМККК шеңберінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 13.11.2020 ж. № ҚР ДСМ-194/2020 "Жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының негізінде бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылатыны жөнінде атап етілген. МСАК маманын еркін таңдау бекітілген жері бойынша МСАК ұйымының шегінде учаскедегі бекітілген халықтың санын ескере отырып жүзеге асырылады. Тіркеу үшін келесі негіздер бар:
1) бір әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге бір айдан астам мерзімге немесе бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағының ішінде шыға отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жерінің өзгеруі;
2)адамның бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) МСАК ұйымын еркін таңдауды жүзеге асыруы;
3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі кезеңде тіркелу науқанын жүргізуі;
4) МСАК ұйымы сақтандырылушыға медициналық қызметтер көрсетуге негіз болатын сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасында жасалған ЕМС шарты ;
5) бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына бекітумен келіспеушілік;
6) МСАК ұйымының МСАК көрсетуден бас тартуы, оның ішінде Қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуына немесе өзгертуіне әкеп соққан, қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайларда;
7) медициналық қызметтер көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарының медициналық қызметтер көлемін орналастырмау;
8) жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерінің пайда болуы;
9) мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын жекешелендіру жолымен иеліктен шығару.
Сондай-ақ, кеңесте басқа да мәселелер қаралды.