ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕР

2022 жылы 5-6 мамырда Түркияның Анкара қаласында "орган донорлығының заманауи критерийлері" халықаралық симпозиумы өтті. Аталған іс-шараны Башкент университеті, Башкент медициналық клиникалары, Дүниежүзілік трансплантологтар қоғамы (TTS), Түркі әлемі трансплантациясы қоғамы (TDTD) ұйымдастырды. Симпозиум аясында түрлі терминалдық ауруларды диагностикалау және емдеу саласында органдарды трансплантациялауды, донорлықты дамытудың, медициналық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық клиникалар басшылығы, Башкент университеті (Анкара қ., Түркия) арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен деңгейін, мамандарды кәсіби даярлауды жақсартуға бағытталған бірлескен жұмыстың жаңа кезеңі болды. Меморандум Ақтөбе облысының дәрігерлері мен медбикелерін реанимация, босандыру қызметі, органдарды трансплантациялау, телемедицина бойынша ауыр науқастарға кеңес беру, заманауи диагностикалық стандарттар мен технологияларды енгізу бағыттары бойынша оқыту жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл ынтымақтастық аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін стратегиялық маңызға ие.