Ақтөбе облыстық психоневрологиялық орталығы үшін сәуір айының басында қуанышты оқиға болды. Науқастар мен олардың туыстарына ыңғайлы болу үшін Қандыағаш қаласында орналасқан бөлім орталық базасына көшті. Барлық ұжым Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Қанапияұлы Исаевқа қажетті шешім қабылдағаны үшін алғыстарын білдіреді.
Қазіргі уақытта наркологиялық қызметтің ғимараты Жаңақоныс 386 т/а мекенжайы бойынша орналасқан. Соттың мәжбүрлі үкімі бойынша пациенттер де осы ғимаратта, жеке корпуста болады. Осы әлеуметтік маңызды мәселені шешуде Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасына алғыс айтамыз.
Сондай-ақ, психоневрологиялық орталығында оңалту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өткіміз келеді. Бұл психикалық денсаулықты қалпына келтірудің, пациенттердің тәуелсіздігін арттырудың, олардың өзін-өзі қамтамасыз етуі мен өзін-өзі қорғаудың маңызды бөлігі.
Мұнда пациенттер түрлі қолөнер бұйымдарын өндірумен, моншақтармен кестелеумен, арт-терапиямен айналысады.
Бос уақытында тілек білдірушілер кәсіби терапиямен айналысады.