Адвокаттық кездесу - "ТБ, ТБ/АИТВ/Ковид саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру"кеңесі

Адвокаттық кездесу - "ТБ, ТБ/АИТВ/Ковид саласындағы ҮЕҰ қызметінің тұрақтылығын арттыру"кеңесі

  2021 жылдың 26 қарашасында  Жаһандық қордың 2020-2022 жылдарға арналған гранты жобасын іске асыру шеңберінде "Қазақстанда дәріге төзімді туберкулезге қарсы тиімді әрекет ету шаралары» адвокаттық кездесу – кеңесіне  Ақтөбе облысының түрлі ведомстволарынан 30-дан астам  маман қатысты.

 

    Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің , Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, ішкі саясат басқармасының, Ақтөбе облысының Азаматтық альянсының өкілдері, Жаһандық қордың және облыстық деңгейдегі Бұқаралақ ақпараттық құралдары  мамандары, Ақтөбе облысының жергілікті атқару органдарының, Үкіметтік емес ұйымдардың және маманданырылған емдеу мекемелерінің басшылары  қатысты.

Кездесу модераторы Джазыбекова Панагуль Манерхановна - Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының  мониторинг және бағалау, эпидемиология, статистика мен информатикалау бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасында  COVID-19 пандемия кезінде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шолуын, әлемдегі елдермен салыстырмалы сараптама жасады.

Ақтөбе облысының әкім орынбасары _____________________________

туберкулез ауыртпалығын төмендетуде облыс басшылығы, жергілікті атқару органдарының, азаматтық сектордың белсенділерінің  күш салғандарын атап өтті.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Избасаров Бекболат Оразбаевич өңірдегі туберкулез  жағдайын және   COVID-19 пандемия кезіндегі туберкулез ауруын  азайту үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Татимов Ерлан Аскарович короновирус инфекциясы кезіндегі туберкулез профилактикасы мен туберкулез науқастарын емдеу бойынша жасалған жұмыстар жөнінде мәлімет жасады.

Жаһандық қор грантының жобасын іске асыру тобының, үкіметтік емес ұйымдары бойынша маманы  Маркабаева Татьяна Анатольевна және «Сенім-Тірек» ҮЕҰ басшысы Кундолов Темиржан Беккалиевич әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтар арасында туберкулезді анықтау, алдын алу және тиімді емдеуде  ҮЕҰ-ның зор үлесі туралы айтты. Бұл жұмыстардың барлығы Жаһандық қор грантының жобасы  аясында жасалды.

Қаржыландыру талабы туралы  Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам ісі бойынша комитетінің өкілі толық ақпарат берді.

Кездесу қатысушылары  ТБ, ТБ/АИТВ/Ковидпен тиімді күресуді арттырудағы өзекті проблемалардың бірі,  өңірлерде туберкулезбен ауырған,тұрақты мекен-жайы жоқ және әлеуметтік осал топтарға арналған  медико-социальдық  оңалту орталықтарының жоқтығын атап  өтті.

Жергілікті атқару органдары тарапынан үкіметтік емес ұйымдарды қажетті деңгейде қолдау керектігі, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс механизмінің толық болмауы және грант бөлінуінің жоқтығы туралы  айтылды.

Адвокациялық кездесу кеңесі мемлекеттік басқару органдары, азаматтық қоғам, емдеу профилактикалық ұйымдары өкілдерінің  арасында конструктивті, табысты  диалог өткенін көрсетті.