Қазақстанда МСАК ұйымдарына еркін тіркелу науқаны басталды

Қазақстанда МСАК ұйымдарына еркін тіркелу науқаны басталды

 Қазақстанда МСАК ұйымдарына еркін тіркелу науқаны басталды

15-қыркүйектен бастап Қазақстанда МСАК ұйымындарын (медициналық-санитариялық алғашқы көмек) еркін таңдау науқаны басталды, ол екі айдың көлемінде 2021 жылғы 15-қарашаға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта қызмет алып жатқан медициналық ұйым жұмысы қанағаттырмаған жағдайда, емхананы еркін таңдау арқылы тіркелуі үшін аталмыш акция тұрғындар үшін жыл сайын өткізіледі, ал нарық қатысушылары, оның ішінде жаңадан қосылған ұйымдар келесі жылы халыққа қызмет көрсету мақсатында тапсырыс алады.

Тіркеу науқаны және емхананы еркін таңдау мүмкіндігі қазақстандықтар үшін консультациялық-диагностикалық қызметтерге, ауруханаға жатып емделуге, кез келген жоспарлы медициналық қызметтердің көрсетілуіне және көптеген басқа да медициналық  жолдамаларды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмек алуға құқық береді.

Егер азаматтар емхананы еркін таңдау құқығын пайдаланбаған болса, олар өздеріне бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.