«Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!»

«Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!»

Ақтөбе облысында​ 25 маусымда осындай атаумен науқан басталады.​
Науқан екі кезеңмен өтеді: 25 маусымнан 10 тамызға​ дейін және 11 тамыздан​ 25 қыркүйекке дейін.
Оған 25 маусым мен 25 қыркүйек​ аралығында Ақтөбе облысының аумағында коронавирус індетіне қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған тұлғалардың​ барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ ​ "AQTOBE" телеарнасының тікелей эфирінде​ кездейсоқ тәртіпте​ анықталады.
Әр кезеңнің басты​ жүлдесі - 2021 жылы шыққан​ Chevrolet Cobalt маркалы автокөлік.
Сондай-ақ,​ смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт сағаттар сияқты​ аралық​ жүлделер де​ ойнатылатын болады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілуде.​
Науқанның толық ережелерімен​ aktobe.gov.kz. сайтында танысуға болады.
Ақтөбе облысының​ әкімдігі сайтының сілтемесі профиль сипаттамасында.