Азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту және ана мен бала денсаулығын қорғау.

Азаматтардың репродуктивті денсаулығын нығайту және ана мен бала денсаулығын қорғау.

Демографиялық дамуда оң көрсеткіштерге қол жеткізу мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық өміріндегі маңызды аспектілердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың денсаулығын нығайту және ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.
2021 жылғы 2 шілдеде облыс әкімінің бірінші орынбасарының төрағалық етуімен облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Ақтөбе облысында 6 ай ішінде босандыру қызметіне талдау жасаудың кеңесі өткізілді, онда аудандық ауруханалардың босандыру бөлімшелерін кадрлармен және медициналық жабдықтармен толықтыру, дәрігерлердің кәсібилігін арттыру және меншік нысанына қарамастан облыстың медициналық ұйымдары мамандарының арасындағы сабақтастықты нығайту тапсырылды.