Жүректен жүрекке

Жүректен жүрекке

Бүгін 28.06.2021 ж. "Үміт" балалар үйіне ерекше қонақтар бағалы сыйлықтармен келді. Қарғалы қалалық ауруханасының ұжымы балалар үйі бүлдіршіндерінің қажеттіліктері үшін 1 миллион теңгеге ақшалай сертификат беру туралы шешім қабылдады. Бұл сертификатты облыс әкімі О.Оразалин Қарғалы ауруханасына медицина қызметкері күніне сыйға тартты. Бұл сыйлықты ұжым медициналық мекемелер арасындағы Өңірлік конкурсқа қатысқаны үшін сыйлық ретінде алған болатын. Барлық ұжым осы байқауда жеңіске жету үшін және облыстың барлық ауруханалары мен емханалары арасында үздік болу үшін бар күшін салды.
Ұжымның жалпы шешімімен бұл ақшаны жұмсамай, балалар үйінің кішкентай балаларына күтпеген сыйлық жасау туралы шешім қабылданды! Енді осы қаражатқа балалар үшін қажетті ойыншықтар, памперстер, инвентарь және т.б. қажетті заттар сатып алынады. Қарғалы ауруханасының барлық ұжымына осындай әрекет үшін Алғыс білдіреміз!