Оңдасын Оразалин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Оңдасын Оразалин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Оңдасын Оразалин медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шараға медицина қызметкерлері, ардагерлері қатысты.
Жиын кезінде облыстың COVID-19-дан қайтыс болған 23 медицина қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алды.
Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде ақтөбелік дәрігерлердің шеберлігі мен жоғары кәсібилігін, олардың әсіресе, пандемия жағдайындағы жанкешті әрі орасан зор еңбегін ерекше атап өтті.
«Пандемия қоғамға денсаулық сақтау саласының орасан зор маңыздылығын көрсетті. ​ Жерлестеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін менің шын жүректен шыққан алғысымды қабыл алыңыз. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және зор денсаулық тілеймін. Жұмыстарыңызға сәттілік!»,- деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы мемлекеттің денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударып жатқанын атап өтті. Елдің тәуелсіздік жылдары ішінде тек Ақтөбе облысында 130-дан астам жаңа медициналық мекемелер салынса, оның ішінде 9 аурухана, 5 емхана, 57 дәрігерлік амбулатория.
Қырық медицина қызметкері кәсіби мерекелеріне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігіінң төсбелгісін, облыс әкімінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын иеленіп, екі дәрігер «Еңбек ардагері» алқасымен марапатталды. Үздік медициналық ұйымдарға - облыстық байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, Қарғалы қалалық ауруханасына 1 млн теңгенің, жедел медициналық жәрдем ауруханасына 500 мың теңгенің, Ойыл аудандық аурухансына 300 мың теңгенің серитификаты табыс етілді. Бұдан өзге, тоғыз медицина қызметкері 100 мың теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.