15-19 маусым аралығында Ақтөбе қаласында АМО балалар ауруханасында дәрігерлерге арналған тренинг өтуде

15-19 маусым аралығында Ақтөбе қаласында АМО балалар ауруханасында дәрігерлерге арналған тренинг өтуде

15-19 маусым аралығында Ақтөбе қаласында АМО балалар стационарының базасында шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету кезеңдері бойынша жедел жәрдем дәрігерлеріне, медбикелеріне, фельдшерлеріне арналған тренинг өтуде.
Бұл тренингте сұрыптау мен шұғыл көмекке (АЕМ) ерекше орын беріледі. АЕМ өмірге қауіп төндіретін шұғыл белгілері бар балаларды анықтауға көмектеседі және әсіресе алғашқы 24 сағатта балалардың өлім-жітім жиілігін төмендетуге арналған құрал болып табылады.
Тренингке қатысушылар шұғыл белгілерді жүргізудегі негізгі буын болып табылатын командалық жұмысты пысықтайды.
Тренингті жоғары санатты педиатр-инфекционист дәрігер М.ғ. к., ҚР Ұлттық тренері з. м. Оспанова жүргізеді.