Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Бүгін, 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.

Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.

Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.

«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін - әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл - үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.

Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз - мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.

«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Министрдің вакцинациялау рәсімі тікелей эфирде ведомствоның Facebook-тегі ресми