Оңдасын Оразалин: Өңірдегі әрбір тұрғынның өмірі мен денсаулығы мен үшін маңызды.

Оңдасын Оразалин: Өңірдегі әрбір тұрғынның өмірі мен денсаулығы мен үшін маңызды.

Облыс әкімдігінде Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылдың қорытындысы мен 2021 жылдың міндеттері бойынша алқасы өтті.
Жиынға өңір басшысы Оңдасын Оразалин, облыс әкімінің орынбасарлары, медицина мекемелерінің басшылары қатысты.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев облыс тұрғындарына 42 аурухана мен 438 амбулаторлық-емханалық ұйымдардың медициналық жәрдем көрсетіп отырғанын жеткізді. Былтыр халық 1,4%-ға немесе 11914 адамға өскен.
2020 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ның денсаулық сақтау сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ана мен неонатальді өлім деңгейі сынды екі индикаторға қол жеткен жоқ. ​
Жағдайды коронавирус инфекциясы бойынша тұрақтандыру аясында пандемия кезінде әкімдік пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы 20 стационар ашып, 3233 кереует қойды. Медициналық құрал-жабдықтарға республикалық және жергілікті бюджеттен 4,5 млрд. теңге бөлініп, санитарлық көлік, 21 өкпені жасанды желдету аппараты, 5 УДЗ аппараты, 200 перфузор, компьютерлік томограф, рентген-диагностикалық кешен, 309 функционалды медициналық кереует, КамАЗ жанындағы жылжымалы медициналық кешен және т.б. сатып алынды.
Коронавирус инфекциясымен күресуге 4430 медицина қызметкері тартылып, оларға 3,5 млрд теңге көлемінде көтермеақы төленді.
Өңірде коронавиурс инфекциясына қарсы Ресейдің «Спутник V» екпесімен ​ егу науқаны жалғасуда.
Бірінші компонентпен мың медицина қызметкері егілсе, 22 ақпаннан бері екінші компонентпен иммундеу басталып, 480 медицина қызметкері егілді.
​ Денсаулық сақтау саласынының нысандарын салуға 7,4 млрд теңге бөлінді, 1,1 млрд теңгеге 30 денсаулық сақтау саласынының нысандары күрделі​ жөнделді.
​ Рүстем Исаев тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен толықтай қамту басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. 754 ақтөбелік сақтандырылған 140 мыңнан астам адам сақтандырылмаған, соның ішінде 45 мыңнан астам жұмысшы, 55 мың бірыңғай жиынтық төлем төлеуші, 7​ 170 жеке кәсіпкер мен азаматтық-құқықтық келісімшартпен жұмыс істеп жатқан тұлғалар және т.б. бар.
Өңір басшысы медицина қызметкерлеріне тұрғындар тарапынан жиілеп кеткен шағымдарға көңілі толмайтынын білдірді. Атап айтқанда, былтыр 94 шағым мен 417 арыз тіркелген. Олардың қатарында 97 арыз этика мен деонтологияны сақтамау деректері бойынша, 97 шағым медициналық көмек көрсетуге және т.б. байланысты.
Оңдасын Оразалин: «Мен сіздердің кәсіпқойлықтарыңызға шүбә келтіріп, жұмыстарыңызды жоққа шығарғым келіп тұрған жоқ. Сіздерге жан-жақты қолдау көрсетіп, көмектесуге дайынмын. Өйткені, өңір басшысы ретінде мен үшін әлеуметтік-экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылықпен қатар, әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы да маңызды.
Сіздердің арқаларыңызда біз пандемия кезінде мыңдаған адамның өмірін сақтап қала алдық, алайда, өкінішке қарай, ақ халатты абзал жандардың әрекеттеріне лайық емес деректер де бар. 24 ақпан күні менің орынбасарларым жұмыс күні бойы көпбалалы аналармен, жалғызбасты аналармен кездесті. Олар әкімдікке тұрғын үй немесе басқа да проблемаларымен келмеген. Көбісі емханалар мен емдеу мекемелерінің жұмыстарына шағымдану үшін келген. Алты әйел мүгедектік алуға байланысты келіпті, сегіз әйелдің қойылған диагноз бен тағайындалған ем-домға көңілдері толмаса, бесеуі медицина қызметкерлерінің дөрекі қарым-қатынасына шағым айтты! Бұл жауапсыз әрі немқұрайлы адамдардың отырғанын көрсетеді. Бұл бас дәрігерлердің кінәсі, өз міндеттеріне салғырттығы. Әрбір деректі ұғынып, талдау жүргізіп, кінәлі адамдарды қызметінен босатқанға дейін тиісті шаралар қабылдау қажет», - деп тапсырды.
Жиын соңында облыс әкімі медицина жұртшылығының алдына медициналық қызметтер сапасын көтеру, дәрімен қамтамасыз ету, жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу және осы саланың басқа да өзекті ​ сұрақтарына қатысты бірқатар міндеттер қойды.