ҚАЗАҚСТАНДА «СПУТНИК-V»ВАКЦИНАСЫНАН ЖАҒЫМСЫЗ РЕАКЦИЯ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ-Е.ҚИЯСОВ

ҚАЗАҚСТАНДА «СПУТНИК-V»ВАКЦИНАСЫНАН ЖАҒЫМСЫЗ РЕАКЦИЯ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ-Е.ҚИЯСОВ

Коронавирус инфекциясына қарсы екі кезеңді вакцинация жалғасуда және жоспар бойынша жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі-Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді.

Е.Қиясовтың айтуынша, 20 157 адам «Спутник -V» вакцинасының алғашқы дозасын қабылдады. 22 ақпаннан бастап екінші кезеңде 2 137 адамегу салдырды. Алайда жағымсыз реакция тіркелген жоқ.

«Биыл 25 ақпан мен 4 наурыз аралығында Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген 90 мың доза вакцина өңірлерге жеткізіледі. Сонымен медицина қызметкерлерін вакцинациялау аяқталады да, педагогтарға екпе салу науқаны басталады», - деді Бас санитарлық дәрігер.

Айта кетейік, вакцинация еліміздің барлық өңірінде жүргізіледі. 786 егу пунктінің 170-і жұмылдырылды. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинациядан өтті.