Қазақстан Республикасында коронавирусқа қарсы вакцинация туралы

Қазақстан Республикасында коронавирусқа қарсы вакцинация туралы

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап «Спутник V» препаратымен ерікті вакцинация науқаны басталды. Вакцинациямен инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық жәрдемнің, медициналық авиацияның, реанимацияның, МСАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері қамтылды. Екінші кезеңде вакцинация жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтерін, бірінші кезеңге кірмеген медициналық қызмет қызметкерлерін қамтиды. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтерін, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды. Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап QazCovid-in отандық вакцинасын вакцинациялауға қосу жоспарлануда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2020 жылдың 30 қаңтарында SARS-CoV-2 коронавирусының өршуін халықаралық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп танығаннан кейін, COVID-19 вакциналарын төтенше жағдайда тіркеуге болады. Коронавируспен күресу үшін әлемнің әртүрлі елдерінде бірнеше вакциналар жасалды.
«Спутник V» - коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы тіркелген вакцина. Ол Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығында (ҒЗО) жасалды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы үкіметтік келіссөздер нәтижесінде Қазақстанда «Спутник V» вакцинасының өндірісін оқшаулау туралы келісімдерге қол жеткізілді. «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС базасында өндірістік және технологиялық процестерді ішінара ауыстыру арқылы бірлескен өндірістің вакцинасын шығару әзірленді.
2021 жылғы 15 ақпанда Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының қорытындысы негізінде Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Гам-КОВИД-Вак (Спутник-V) вакцинасына тіркеу куәлігін берді. Қазақстан ресейлік «Спутник V» вакцинасын тіркеген 27-ел болды.
«Спутник V» вакцинасы биотехнологиялық әдіспен алынған. Бұл әдіс қауіпсіз, өйткені құрамында коронавирус жоқ. Вакцинаның негізі – вирус генінің бір бөлігін ғана қамтитын зертханада құрылған арнайы құрылымдар (тасымалдаушы векторлар). Олармен қосылғанда жауап ретінде иммунитет қорғаныс антиденелерін шығарады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша вакцинация егілушінің тек ақпараттандырылған келісімімен ғана ерікті негізде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабына сәйкес қазақстандықтар профилактикалық вакциналарды алудан бас тартуға құқылы.
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алу және таратудың ең тиімді құралдарының бірі екенін естеріңізге саламыз.