Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау жүйесінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы

Бүгін 12.02.2021ж. Ақтөбе медициналық орталығының базасында облыс әкімінің орынбасары Н.С.Қалауовтың қатысуымен Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының қорытынды алқасы өтті.
Басқарма басшысы Р.Қ. Исаев өз сөзінде барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында жанқиярлық еңбегі мен адам өмірін құтқаруға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді. Кеңес ақтөбелік дәрігерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.
Содан кейін, облыстың медициналық активінің назарына өткен жылғы денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау бойынша статистикалық деректер ұсынылды.
Облыс тұрғындарына 42 аурухана мен 438 амбулаториялық-емханалық ұйым медициналық көмек көрсетеді.
Халыққа 3980 мемлекеттік тапсырысқа 37 стационар мамандандырылған көмек көрсетті. Жалпы, қолда бар 25 индикатордың бағдарламалық міндеттерін жедел орындауы атап өтілді.
2021 жылға арналған міндеттер айтылды:
1. Ана өлімін төмендету үшін аудандық ауруханалардың медициналық жабдықтармен (компьютерлік томографтар, рентген аппараттары) жарақтандырылу деңгейін арттыру жоспарланған, акушерлік стационарлардың анестезиолог дәрігерлерін респираторлық қолдау мәселелері бойынша оқытудың динамикалық бағдарламалары жасалды, БМСК деңгейінде жүктілік кезінде бақылау сапасын жан-жақты арттыру және отбасын жоспарлау жөніндегі жұмысты жақсарту бойынша міндеттер қойылды.
2. Медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттану үшін АББ ауруларын басқару бағдарламасын пайдалана отырып, азаматтардың денсаулығын телемедициналық қашықтықтан мониторингтеу енгізілетін болады. Сондай-ақ амбулаториялық деңгейде жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге арналған жеке Call-орталықтар құрылатын болады. ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық ақпаратты медициналық ұйымдардың сайттары мен аккаунттарында жариялау бойынша кең ақпараттық жұмыс жоспарланған.
3. Әлеуметтік мәні бар аурулардан болатын өлім-жітімді азайту үшін ПЭТ-орталық іске қосылады, сондай-ақ Радионуклидтік терапия мен диагностика бағдарламалары енгізіледі. МСАК деңгейінде скринингтік тексерулерді күшейту ұсынылды.
Стационарлар деңгейінде медициналық персоналды коммуникативтік дағдыларға үздіксіз оқыту бағдарламалары енгізілетін болады. Госпитальдық сервис бойынша операциялық рәсімдер стандарттарын әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады.