Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын артыру, әдеби нормаларды сақтау жөнінде семинар өтті.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын артыру, әдеби нормаларды сақтау жөнінде семинар өтті.

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын артыру, әдеби нормаларды сақтау жөнінде семинар өтті.

Шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департамент басшысы Бауыржан Нұрлыбекұлы Балғабеков, Департамен басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Нұрмұханұлы Досанов, облыстық ақпараттық– ағартушылық штаб жетекшісі Жеңіскүл Сағидуллақызы Мухамбетпаизова,облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілі Ризагуль Мырзағалиқызы Омарова қатысты. Семинар модераторы басқарма басшысы Рүстем Канапияұлы Исаев

Семинардың мақсаты: 2020 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне байланысты өзгерістер мен толықтырулар еңгізу бойынша заңға қол қойылды.
Заңға енгізілген өзгерістердің негізі квазимемлекеттік сектордың сыбайлас жемқорлық субъектілері болатын лауазымды тұлғалардың шеңбері кеңейтілген. Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік мекемелердің тек бірінші басшыларына ғана қатысты еді. Бұдан бұлай сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті мемлекеттік бюджеттен және ұлттық қордан қаржыландыралатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты дербес құрылымның бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатады. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген шектеулерді сақтауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда неғұрлым ауыр жауапкершілікке тартылады.
Қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық принциптерін нығайту бойынша түсіндірме жұмыстары жыл сайын, жоспарлы өткізіледі.
Семинар соңында денсаулық сақтау саласының жұмысын ұйымдастыру барысы бойынша және жемқорлық тәуекелдерін алдын алу жиынға жалғасты. Басқарма басшысы Р. Исаев биылғы жылға қойылған тапсырмаларды атап, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.