
2025 жылы Мәртөк ауданына қарасты Байнассай ауылында 25 қабылдауға арналған медициналық пунктке күрделі жөндеу жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. Жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды.
Ауылда тіркелген халық саны – 316 адам. Жаңартылған медициналық пункт жергілікті тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмекті уақытылы әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы құны 39 424 156,58 теңгені құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының мердігері – «Регион Строй Групп» ЖШС. Нысанды пайдалануға беру актісіне 2025 жылғы 8 қазанда қол қойылды.
Аталған жобаның іске асырылуы Мәртөк ауданының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып табылады және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.