Ашық есік күндері

Ашық есік күндері

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары!
21.11.2025 ж. (жұма) сағат 09:00–16:00 аралығында және 22.11.2025 ж. (сенбі) сағат 09:00–14:00 аралығында Ақтөбе қаласының №3 қалалық емханасында ашық есік күні өтеді. Іс-шара аясында офтальмолог дәрігер Утарбаева Гүлсара Мұратқызы қабылдау жүргізеді.

Кеңес 50 жастан асқан тұрғындарға арналған және катарактаны анықтау, оның диагностикасы мен хирургиялық емдеу мәселелеріне қатысты болады.

Қабылдау барлық МӘМС жүйесіне қатысушылар үшін жолдамасыз, алдын ала жазылусыз және тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жүргізіледі.