
Сіздерді еліміздің аса маңызды, тарихи мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн - егеменді ел болу жолындағы, ұлттық рухты көтеретін, елдік пен бірліктің мерекесі.
Ақ халатты абзал жандар – ел денсаулығының тірегі, қоғамның сенімді тұғыры. Сіздердің табанды еңбектеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен адами асқақ жауапкершіліктеріңіз – еліміздің бүгіні мен ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес.
Осы айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. 
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз берік, болашағымыз жарқын болғай!
Республика күні құтты болсын!
Ізгі тілекпен, 
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы 
Е. Султангереев