Қалалық көпсалалы балалар ауруханасында кәсіподақ ұйымының «Мектепке жол» атты игі шарасы өтті.
Қызметкерлеріміздің барлық балаларына жаңа оқу жылына дайындық үшін 30 000 теңге көлемінде сертификаттар табысталды. Бұл тек материалдық көмек қана емес, сонымен бірге күн сайын кішкентай науқастардың саулығы үшін еңбек ететін отбасыларға деген қамқорлықтың белгісі.
Сонымен қатар көмекке мұқтаж әріптестеріміз де назардан тыс қалған жоқ: әріптестеріміздің біріне қосымша 30 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Мұндай шаралар ұжым ішінде бірлік пен өзара қолдауды нығайтып, біздің үлкен аурухана отбасымызда әрқашан бір-біріміздің жанымыздан табылатынымызды еске салады.
Жаңа оқу жылы балалар үшін жарқын, табысты әрі қуанышты болсын, ал ата-аналары үшін – мақтанышқа толы сәттерге себепкер болсын!