Ақтөбеде медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Ақтөбеде медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті

2025 жылғы 26 тамыз күні Ақтөбе қаласында ШЖҚ «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» РМК-нің мәжіліс залында «Иммунологиялық дәрілік препараттарды (вакциналарды) сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға облыстың медициналық ұйымдарынан 70 медицина қызметкері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар тіркеліп, кіріспе сөз сөйлегендер қатарында Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Алмаганбетовна Аяганова және Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Курманғазиевна Аманжулова болды.

Семинарда инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Г.А. Жұбаева иммунологиялық дәрілік препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар облыстық штаттан тыс аға мейірбике Б.Ә. Ділманова 2025 жылғы сәуір-мамыр айларында берілген әдістемелік ұсыныстардың орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижелерімен бөлісті.

Медицина қызметкерлерінің «салқындату тізбегін» сақтау ережелері бойынша білімдері бағаланып, семинар соңында сұрақтар талқыланып, қорытынды жасалды.

🔹 Семинардың басты мақсаты – вакциналарды сақтау мен тасымалдау сапасын арттыру, тәжірибелік көмек көрсету және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру.