Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен 2025 жылғы 20 тамызда қалалық және аудандық МСАК ұйымдары басшыларының медициналық бөлім бойынша орынбасарларының қатысуымен кеңейтілген емдеу-профилактикалық кеңес өтті.
Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары: онколог Е. Е. Смаилов, невропатолог Ж. О. Урашева, МСАК үйлестірушісі К.У. Қамысбаева, кардиолог И.В. Гусева, аллерголог-иммунолог З. С. Хайруллина, травматолог Ж.Е. Урумбаев облыстың медициналық ұйымдары бойынша негізгі ұлттық көрсеткіштерді бағалау нәтижелері бойынша баяндама жасады.
МСАК мекемелері жұмысының қорытындысы бойынша есеп беру ақпараты ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ҰҒДСДО» ШЖҚ РМК Ақтөбе облыстық филиалы басшысы М.Ж. Мәзін, ЖИТС инфекциясының алдын алу орталығы басшысының орынбасары А. А. Каспирова, Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы басшысының орынбасары Г. Ж. Балмагамбетова, А. Б. Есенжулова және А. Д. Тржанова (Денсаулық сақтау басқармасы) тарапынан тыңдалды. Қосымша баяндамашылар ретінде медициналық ұйымдардың ағымдағы жағдайды және күнделікті практиканың проблемаларын талдау жөніндегі орынбасарлары сөз сөйледі.
Кеңес барысында облыс тұрғындарына онкологиялық, кардиологиялық, неврологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды, индикаторлар мониторингінің нәтижелері, АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдайды талдау, жедел шұғыл көмек жұмысын ұйымдастыру, ересек тұрғындарды скрининг және диспансерлеу сапасы, амбулаториялық-емханалық буын деңгейінде ауруларды дұрыс кодтауды сақтау ұсынылды. Кеңес нәтижесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету сапасын жетілдіру бойынша шешімдер мен ұсынымдар әзірленді.