Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

2025 жылғы 14 тамызда Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар мынадай мәселелерді көтерді:
* тар бейінді мамандарға жазылу үшін ұзақ күту;
* медициналық жабдықтарды жаңарту қажеттілігі;
* ауылдық амбулаторияларда кадр тапшылығы;
* емханалар мен ауруханалардағы қызмет көрсету сапасы;
* тексеру мен емдеуге жолдама алу қиындығы.
Әрбір өтініш мұқият тыңдалды. Кейбір мәселелер қабылдау кезінде бірден шешілді, ал қалғандары бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын Ерлан Бақытұлы жеке бақылауына алды.
Азаматтарды тұрақты қабылдау – халық пен денсаулық сақтау жүйесі арасындағы ашық диалог орнатуға, шағымдар мен ұсыныстарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Басшы бұл тәжірибе алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жеке қабылдауға жазылу үшін 56-30-55 телефонына қоңырау шалуға болады. Қабылдау әр бейсенбі сайын өткізіледі.