Бүгін Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар медициналық көмек көрсету, емханалар мен ауруханалардағы қызмет сапасы, дәрігер кадрлары және басқа да маңызды мәселелер бойынша өз өтініштері мен сұрақтарын қойды.
Қабылдауға келген әр азаматтың өтінішіне мұқият назар аударылып, ешкім ескерусіз қалмады. Көтерілген мәселелердің барлығына тиісті жауап беріліп, кейбір сұрақтар сол сәтте шешімін тапты. Ал күрделі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы жеке бақылауға алынды.
Азаматтарды жүйелі түрде қабылдау – халықпен ашық әрі тиімді диалог орнатудың маңызды құралы болып табылады. Ерлан Бақытұлы бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жеке қабылдауға жазылу үшін 56-30-55 нөміріне хабарласуға болады. Қабылдау әр бейсенбі сайын өткізіледі.