Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне арналған акция «Алия» сауда үйінде өтті

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне арналған акция «Алия» сауда үйінде өтті

28 шілде күні Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күніне орай «Алия» сауда үйінде «Гепатитпен күрес: кедергілерді жоямыз!» ұранымен арнайы акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — халық арасында вирус гепатиттері, олардың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпаратты арттыру.

Акция аясында «Денсаулық бұрышы» ашылып, жалпы практика дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары кеңес берді. Қала тұрғындары қан қысымын және қандағы глюкоза деңгейін тегін тексерту мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, қатысушыларға вирус гепатитінің алдын алу туралы ақпараттық-білімдік материалдар таратылды.

Шараға келген халықтың белсенділігі жоғары болды және бұл акция жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.