Әлімбет ауылында жылжымалы медициналық көмек көрсетілді

Әлімбет ауылында жылжымалы медициналық көмек көрсетілді

2025 жылғы 4 шілдеде Қарғалы аудандық ауруханасының мамандары Әлімбет ауылының тұрғындарына жылжымалы медициналық кешен арқылы медициналық көмек көрсетті.
Кешен аясында ауыл тұрғындары эндокринолог, отоларинголог, невролог, офтальмолог, кардиолог мамандардың қабылдауында болып, тиісті кеңестер алды.
Сонымен қатар:
* Қан және зәр талдаулары алынды,
* ЭКГ, УДЗ және рентген-флюорографиялық тексерулер жүргізілді.
Бұл іс-шара шалғай ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.