Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында Адаптация және тәлімгерлік орталығы ашылды

Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында Адаптация және тәлімгерлік орталығы ашылды

Орталықтың негізгі мақсаты – еңбек өтілі 0–3 жыл аралығындағы жас медицина қызметкерлерін қолдау және кәсіби дамыту.

Орталық құрамына тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелер кіріп, тәлімгер рөлін атқарады. Олар жас мамандарға ұжымға бейімделу мен кәсіби қалыптасу жолында бағыт береді.

Орталықтың мақсаттары:
– тәжірибелік дағдылар мен клиникалық білім беру
– кәсіби және этикалық құзыреттерді қалыптастыру
– кадр тұрақсыздығын азайту
– медициналық көмектің сапасын арттыру
– жас мамандардың тиімді бейімделуін қамтамасыз ету

Тәлімгерлік жүйесін енгізу – денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті нығайтып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

Орталық – жас мамандардың сенімділігі мен кәсіби өсуіне жол ашатын алаң болады.