2025 жылғы 20 маусым мен 19 шілде аралығында Ақтөбе облысының елді мекендерінде «Саламатты Қазақстан» жылжымалы медициналық пойызы жұмыс істейді.
🚆 Пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен және тәжірибелі мамандармен қамтамасыз етілген. Тұрғындарға терапевт, педиатр, хирург, стоматолог, гинеколог, офтальмолог, УДЗ, зертхана және басқа да бейінді дәрігерлер тегін медициналық көмек көрсетеді.
Қызметтер МӘМС және ТМККК шеңберінде алдын ала жазылусыз және тегін көрсетіледі.
📍 «Саламатты Қазақстан» пойызының Ақтөбе облысы бойынша аялдама кестесі:
Ноғайты — 20.06 (07:05 – 21:10)
Шұбарқұдық — 20.06 (23:59) – 22.06 (20:50)
Қандыағаш — 22.06 (22:25 – 23:16)
Жем — 23.06 (00:50 – 01:00)
Шалқар — 23.06 (03:42 – 04:15)
Қарашоқат — 23.06 (06:00) – 24.06 (01:00)
Шалқар (қайта) — 24.06 (02:30 – 03:00)
Қотыртас — 24.06 (04:50 – 21:30)
Мұғалжар — 24.06 (23:00) – 26.06 (20:30)
Қандыағаш (қайта) — 26.06 (22:35 – 22:44)
Ақтөбе — 27.06 (00:05 – 00:35)
Жайсан — 27.06 (02:16 – 02:56)
Илек — 27.06 (04:42 – 05:22)
🔁 Келесі кезең:
Мартөк — 13.07 (04:00) – 14.07 (20:30)
Ақтөбе (қайта) — 14.07 (22:15 – 22:50)
Ақкемер — 14.07 (23:55) – 16.07 (22:10)
Никельтау — 17.07 (02:00 – 03:00)
Кемпірсай — 17.07 (03:50) – 18.07 (21:50)
Никельтау (қайта) — 18.07 (22:30) – 19.07 (00:05)
👩⚕️ Өздеріңізбен бірге жеке куәлікті, сондай-ақ амбулаториялық картаңызды (бар болған жағдайда) ала келулеріңізді сұраймыз.
📌 Толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі аудандық ауруханалардан алуға болады.
Денсаулығыңызды тексертіңіз — біз сізді күтеміз!