2025 жылғы 25–27 маусым аралығында Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетімен бірлесе отырып, Ақтөбе қаласындағы ШЖҚ «Облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» МКК базасында (Шестихатка көшесі, 271А) неонатология және педиатрия бағыттары бойынша дәрігер анестезиолог-реаниматолог, «Виртумед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Ресейлік медицинадағы симуляциялық оқыту қоғамы (РОСОМЕД) кеңесінің мүшесі, симуляциялық оқыту бойынша тренері- Веревкин Анатолий Евгеньевичтің қатысуымен оқыту шеберлік-кластары өткізілуде.
Мастер-кластар бағдарламасы келесі тақырыптарды қамтиды:
• «Неонатологиядағы шұғыл жағдайлар» — 2025 жылғы 25 маусым;
• «Педиатриядағы шұғыл жағдайлар» — 2025 жылғы 26 маусым;
• «Педиатрияда ауыр жағдайларда қарқынды терапия. In situ тренингі» — 2025 жылғы 27 маусым.
Мастер-кластардың негізгі мақсаты – дәрігер-неонатологтар мен педиатрлардың практикалық дағдыларын жетілдіру, өмірге қауіп төндіретін шұғыл жағдайларда әрекет етуге дайындықты арттыру, сондай-ақ медициналық білім беру мен кадрларды даярлау жүйесіне заманауи симуляциялық технологияларды енгізу.
Практикалық бөлімде «Бэби Сим» және «Педиа Сим» робот-симуляторларын, сонымен қатар жаңа туған нәрестенің симуляторы — «Кроха Павликті» пайдалана отырып, клиникалық сценарийлерді пысықтауға ерекше назар аударылды.
Мұндай оқыту шараларын өңіраралық әріптестік аясында өткізу медицина қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және балалар мен нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға өз үлесін қосады.