Денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтарды қабылдады

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы азаматтарды қабылдады

19 маусымда Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Бақытұлы Сұлтангереев азаматтарды кезекті рет жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар медициналық көмек көрсету, бейінді мамандарға қолжетімділік, тексеру мен емдеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша жүгінді. Әрбір өтініш бойынша түсініктемелер беріліп, жекелеген мәселелер сала мамандарының қатысуымен жедел түрде шешілді.

Мұндай кездесулер апта сайын бейсенбі күні өткізіледі. Алдын ала жазылу үшін байланыс нөмірі: 8 (7132) 56-30-55.