2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай «Аутизм. Әлем барлығына ортақ» облыстық форумы өтті.

2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне орай «Аутизм. Әлем барлығына ортақ» облыстық форумы өтті.

Форум ерекше балалардың ата-аналарына және сол балалармен жұмыс жасайтын мамандарға арналды. Шараға өңірдегі ерекше балалармен жұмыс жасайтын білім, денсаулық саласының, ерекше балалардың мәселелерімен айналысып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың өкілдері қатысты.

Форум барысында аутизмді ерте анықтаудағы әдістердің тиімділігі, психиатр жұмысының маңыздылығы, аутизмі бар жасөспірімдерді жұмысқа орналастыру, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету мәселелері талқыланды.