78ЖОББмектеп-гимназиясында бүгін маңызды және тарихи күн. "Жас сақшылар" кадет класының салтанатты ашылуы өтті!
"ЖАС САҚШЫЛАР "кадет класы елін сүйетін, патриоттық сезімі жоғары, жауапкершілігі мол, тәртіпті және батыл жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жоба. Жас сақшылар болашақта еліміздің тыныштығын қорғауға, қоғамда тәртіп орнатуға және нағыз азамат болуға дайындалады.
Ашылу салтанатында кадет класының негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылып, жас сақшылардың арнайы формасы көрсетілді. Оқушыларымыз әскери дайындықтың алғашқы қадамдарын жасап, тәртіп пен жауапкершілікті сезінуде.
Шараға Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Саймагамбетов Ардана Муратович және Қалалық, Облыстық мәслихат депутаттары арнайы қатысты!
Шара соңында кадеттік сыныптардың талаптарына сәйкес әскери-патриоттық бағдарлама арқылы оқушылардың біртекті кешенді білім алуын қалыптастыру мақсатында меморандумға қол қойылды!
Сонымен қатар, жас сақшылар салтанат түрде Ант қабылдап, қолдарына куәліктері табысталды. Өнерпаз жас сақшылар "Ән салшы, Сарбазым"әні, "Егемен ел "хоры, "Жас сақшылар биі" көрсетіп, келген қонақтарды таңқалдырды. Шара соңы "Жас сақшылар" кабинеттінің ашылуы мен қатар "Жас сақшылардан жас тал" атты мектеп ауласына көшеттер отырғызылды.