Ақтөбе өңірінде жыл соңына дейін 12 «жайлы мектеп» пайдалануға беріледі
Тағы екі білім ордасында ертең, төртінші тоқсандағы сабақтар басталады.
Мектептердің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында қолға алынды. Биыл, жыл соңына дейін жоспар бойынша жалпы саны 12 «жайлы мектеп» халық игілігіне берілуі тиіс. Тағы екі білім ордасында ертең, төртінші тоқсандағы сабақтар басталады.
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.