23 наурыз - Тазару күні
Наурызнаманың соңғы күнінде тазалық эстафетасын бастап, қаланың көрікті жерлері мен саябақтарында мерекеден кейін қалдық заттардан тазалау үшін жалпыұлттық сенбілік өтеді. Барша Ақтөбе жұртшылығын Тазару күніне шақырамыз.
Ақтөбе қаласында Тазару күніне арналған тазалық шарасы сағат 10:00-де «Қазақ халқына мың алғыс стеласы» алаңында өткізіледі.