
14 наурыз күні Ақтөбе қаласында «AQTOBE OPEN 2025>>> облыстық пікірсайыс турнирінің жабылу рәсімі өтті. Іс- шараға Ақтөбе облысының әкімдігі өкілдері, «El Umiti» корпоративтік қорының басшылығы және Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева қатысты.
Турнир Қазақстандағы пікірсайыс қозғалысын дамытуға бағытталған «Debat Eli» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл жарысқа қоғамдық пікір мен жеке дамуға қызығушылық танытқан 60-тан астам жас
пікірсайысшы қатысты. Турнирдің басты мақсаты - халықаралық және республикалық деңгейдегі пікірсайыс тәжірибесін өңір жастарына тарату, олардың сыни ойлау, аргументация және шешендік дағдыларын жетілдіру.
Жабылу рәсімінде жеңімпаздар мен үздік спикерлер марапатталып, олардың пікірсайыс өнеріне қосқан үлесі атап өтілді.
Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева өз сөзінде пікірсайыс турнирлерінің жастардың интеллектуалды дамуына зор ықпал ететінін айтып, алдағы уақытта да мұндай бастамаларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, қатысушылардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың болашақта үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді.